Мазмұнға өту
Перейти к содержанию

Алдымен — адамдар.
Содан кейін — шешімдер.

Клиенттеріңізді зерттейміз, командаларды зерттеу жүргізуге үйретеміз және CX/UX-функциясын құруға көмектесеміз — өнім түсініктірек болып, бизнес-метрикалар өсуі үшін.

  • CX Management
  • UX Research
  • Фасилитация
  • Design Sprint
Бақылау · сұхбат

Қосымша таныс емес тілде ашылды, ал басты экранда тілді ауыстыру мүмкін емес — пайдаланушы абдырап қалды.

Гипотеза

Бірінші экранда интерфейс тілін таңдау мүмкіндігін беру

Нәтиже

+530 000 ₸

бір гипотезадан айына түскен таза түсім

Choco үшін жүргізілген зерттеуден, 2024 · кейсті оқу

Клиент тәжірибесін компанияның күшті жағына айналдырудың үш жолы

Бір зерттеуден бастауға, команданы оқытуға немесе зерттеу функциясын нөлден құруға болады. Көбінесе бұлар — бір жолдың бөліктері.

Шынайы өзгеріс әкелетін зерттеу

Серіктес ретінде жұмыс істейміз: есепті «сөреге» қалдырмаймыз, командаңыздың міндеттеріне қосыламыз.

  1. Бриф және мақсаттар

    Зерттеу қандай бизнес-шешімдерге негіз болатынын келісеміз.

  2. Далалық кезең

    Нақты клиенттермен сөйлесеміз: сұхбаттар, юзабилити-тесттер, сауалнамалар.

  3. Инсайттар

    CJM құрастырамыз, тәжірибедегі олқылықтарды табамыз, гипотезаларды тұжырымдап, басымдық береміз.

  4. Енгізу

    Команда бірден жұмыс істей алатын ұсынымдар мен бэклог.

Іс жүзінде не шығады

Табыс әкелген қысқа зерттеулер және мамандыққа жаңа адамдар әкелген бағдарламалар.

Choco · тамақ жеткізу · 2024 ×2-ге дейін

4 апталық зерттеуден кейін таза түсімнің өсуі

iOS-тың жаңа пайдаланушыларымен 8 сұхбат және «ұйықтап қалған» клиенттермен 10 тест. Тіл таңдау, іздеу және тіркелу қайта жасалды.

Кейсті оқу
AlmaU · білім беру · 2023 30

Қазақстандағы алғашқы «Мамандық: UX-зерттеуші» курсының түлегі

Kolesa, inDrive, DAR және Altel компанияларының нақты брифтері. Үздік бесеуі тағылымдамада, бір түлек Kolesa Group-тың UX-командасында жұмыс істейді.

Кейсті оқу
Компаньон банкі · қаржы · Қырғызстан +10%

дизайн-спринттерден кейінгі верификация конверсиясы

8 апта, 3 команда және 3 ментор. Шешімдер тікелей бөлімшелерде клиенттермен тексерілді, ал қорытындылар демо-күнде 80 қызметкерге көрсетілді.

Кейсті оқу
AlmaU · білім беру · 2024 9 тақырып

бір семестрде бірінші курс студенттеріне дизайн-ойлау

Үй тапсырмаларының орнына қазақстандық компаниялардың кейстеріндегі зерттеу жобасы, eduScrum бойынша апта сайынғы спринттер және қала бойынша емтихан-квест.

Кейсті оқу

Зерттеу клиенттердің кетуінің негізгі себептерін нақтылауға көмектесті. Ұсынылған гипотезаларды тексердік, олардың бір бөлігі ақша мен конверсия бойынша айтарлықтай өсім берді.

Назым Алтаева Назым Алтаева
CPO, Choco

peoplefirst менторлары әр жобаға шынайы миссия сезімімен келеді. Олардың мақсаты — «құр белгі үшін» оқыту емес, командаға нақты құндылық: білім мен тәжірибені қарапайым әрі қолданбалы түрде беру.

Арген Керимкулов
CX-департаментінің басшысы, Компаньон банкі

Оқытатын және кеңес беретіндер — тәжірибелі практиктер

Kaspi, inDrive, Kolesa Group, Bereke Bank, DAR және Beeline компанияларында CX және UX-функцияларын құрған адамдар.

  • Илай Бексултан

    Илай Бексултан

    Principal & CX Advisor

    peoplefirst негізін қалаушы және people.community-дің тең негізін қалаушы. Клиенттік сервис жөніндегі директор, CX-адвизор және фасилитатор.

  • Аим Миндубаева

    Аим Миндубаева

    Director & UX Research Advisor

    Kaspi.kz-те B2B-зерттеулерге жауап берді. Цифрлық қолжетімділік бойынша сарапшы.

  • Рената Хафизова

    Рената Хафизова

    CX/UX Advisor

    inDrive-та CX-функциясын басқарды, өнім командаларында Discovery үдерісін құрды.

  • Динара Абдильдинова

    Динара Абдильдинова

    Head of UX Research, Kolesa Group

    Зерттеу саласында 13 жыл. Қазақстандағы алғашқы UX Research командаларының бірін басқарады.

Барлық сарапшылар

Бірге өсетін 80+ зерттеуші мен CX-менеджер

Қазақстанның жетекші компанияларының мамандарын біріктіретін жабық қауымдастық: кездесулер, кейс алмасу, бірлескен бастамалар.

  • UX Şäi

    Практиктердің шай үстіндегі бейресми кездесулері

    Кездесулер
  • UX Research Award

    Жылдың үздік кейстері мен командалары

    Сыйлық
  • National UX Research Day

    Отандық және халықаралық зерттеушілердің баяндамалары

    [Бей]конференция
  • Global CX Day

    Клиент тәжірибесі күні — бүкіл әлеммен бірге

    Мереке

Шешімді осылай тез тапқыңыз келе ме?

Өнімде немесе командада не болып жатқанын айтыңыз. Форматты ұсынамыз: зерттеу, оқыту немесе сүйемелдеу.