Мазмұнға өту
Перейти к содержанию

Корпоративтік оқыту

Командаларды клиентті естуге үйретеміз

Команда клиенттерді тереңірек түсініп, өнімнің әлсіз тұстарын көреді және шешімдерді тексеруді үйренеді — UX-зерттеулер, CJM және CX-метрикалар арқылы. Оқу мысалдарында емес, өз өнімдеріңізде.

Формат
Бетпе-бет, онлайн, аралас
Ұзақтығы
2 сағаттан 8 аптаға дейін
Тренерлер
Bereke, DAR, Kolesa, Kaspi, Beeline практиктері
Негізі
Командаңыздың міндеттері мен өнімдері

Тақырыптар

Нені дамытамыз

Бағдарламаны команданың мақсаты мен деңгейіне қарай қажетті модульдерден құрастырамыз.

  1. 01Тереңдетілген сұхбаттар
  2. 02Юзабилити-тестілеу
  3. 03JTBD фреймворкі және Job Story
  4. 04Клиент жолдарын картаға түсіру: CJM және Service Blueprint
  5. 05Клиент тәжірибесін өлшеу: NPS, CSI, CSAT, CES, CR, FCR
  6. 06Сандық сауалнамалар мен құралдар
  7. 07Қосымшалар мен сайттар интерфейсіндегі мәтіндер

Форматтар

Түрлі міндеттерге арналған үш формат

2 сағаттан 2 күнге дейін

Шеберхана

Команда бір зерттеу әдісіне терең енетін интенсив.

Тәжірибе мен шағын жобалар арқылы әдісті толық меңгереміз: гайд пен өткізуден бастап талдау мен нәтижені таныстыруға дейін.

Қай кезде сәйкес келеді

  • бір құралды тез меңгеру керек болса: сұхбат, юзабилити-тест, CJM;
  • команда зерттеу жүргізіп жүр және оны жақсартқысы келсе.

Қай формат сәйкес келетініне сенімсізсіз бе? Мақсаттарды талқылап, таңдап береміз

Кейс · AlmaU, 2023

Қазақстандағы алғашқы «Мамандық: UX-зерттеуші» курсы

Студенттер Kolesa Group, inDrive, DAR, Altel және AlmaU-дың нақты брифтері бойынша командада жұмыс істеді — салалық менторлардың жетекшілігімен.

100+студенттерден түскен өтінім
30түлек
20UX ұлттық сертификаттау емтиханын тапсырды
5Kolesa және Bereke компанияларына тағылымдамаға барды

Командаңызға арнап бағдарлама құрастырамыз

Команда құрамы мен міндеттер туралы айтыңыз. Формат, тақырыптар мен тренерлерді ұсынамыз.